қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2025

3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы


2025 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы өткізілді.

 

Үшінші курс студенттері конференция қатысушыларын мамандықтағы алғашқы жетістіктерімен таныстырды. Студенттер өздерінің мектеп тәлімгерлеріне, университеттегі жетекшілеріне, педагогтар мен психологтарға алғыстарын білдірді. Аталған басқосу жиында айтылған маңызды тұжырымдама - бұл мамандықты дұрыс таңдауға деген сенімділік.

 

Конференцияда практика жетекшілері Г.А.Қажығалиева, А.Е.Ломова, Ж.Б.Ибраева, Б.С.Жұмағұлова және басқа да оқытушылар сөз сөйледі. Көптеген жылдар бойы кафедрамен ынтымақтасатын педагогтар мен психологтар Х.К.Жанпейісова,К.К.Түсіпбекова, А.Д.Танатова үшінші курс студенттерінің теориялық дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.

 

Үшінші курс студенттеріне мамандықты игеру жолында табыс тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу