қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2025

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 3-курс студенттері педагогикалық практикадан өтті


20 қаңтардан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі» мамандықтарының 3-курс студенттері Алматы қаласының мектептерінде педагогикалық практикадан өтті. Студенттерді қабылдаған оқу орындарының қатарында №6, №8, №162 гимназиялар, №105, №19 мектептер, №168 мектеп-гимназия және басқа да білім беру мекемелері бар.

 

Әр топқа практика жетекшілері ретінде Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары бекітілді. Практика барысында студенттер тәлімгерлері, әдіскерлері және мектеп мұғалімдерімен кездесіп, оқу материалдарын дайындады, сабақ жоспарларын әзірледі, ашық және күнделікті сабақтар өткізді, сондай-ақ атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсырды.

 

Педагогикалық практика – болашақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлаудың маңызды кезеңдерінің бірі. Ол студенттерге теориялық білімдерін практикада қолдануға, мектеп ортасында кәсіби тәжірибе жинақтауға және педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

 

Практика басталар алдында ұйымдастыру-бағыттау конференциясы өтті. Онда 3-курс студенттері мен олардың жетекшілері практикадан өту тәртібі, мақсаттары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, тәжірибенің әр кезеңі электронды жүйелерде тіркелетіні атап өтілді: студенттер сабаққа қатысуын белгілеп, сабақ жоспарларын жүктейді, ал тәлімгерлері олардың жұмысын бағалап, пікір қалдырады.

 

Бұл практика болашақ мұғалімдер үшін құнды тәжірибе болып, олардың кәсіби дамуына үлкен үлес қосты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу