қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2025

Филология факультетінің жаңа ғылыми басылымдарының тұсаукесері өтті


2025 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан халқының мәдени коды - елдің басты құндылығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында жаңа ғылыми басылымдардың тұсаукесері ұйымдастырылды:


1. «Халықаралық контекстегі қазақ әдебиеті»
2. «Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі интермедиализм феномені: теориялық негіздер және көркемдік тәжірибелер»
3. «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның бейнелеу өнері мен сәулеті: дәуір стилі және дәстүр сабақтастығы»
4. «Орыс әдебиетіндегі қазақ тақырыбы: имагологиялық дискурс»

 

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) этно-мәдени бірлестіктерінің басшылары, шығармашылық одақтардың өкілдері, ғылыми қауым, этнобағыттағы БАҚ пен Қазақ радиосының бас редакторлары және журналистері, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Іс-шараға Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Б. П. Абуова, Д. А. Сабирова, Ә. У. Байболов қатысты.

Іс-шараның модераторы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Светлана Ананьева.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу