Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
28.02.2025
Турин университетінің (Италия) профессоры Абай университетінде 2025 жылдың басы Абай университеті филология факультеті және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы үшін халықаралық байланыстардың кеңеюімен ерекшеленді.
Университетке Турин университетінің профессоры (Италия), славист, ақын және аудармашы Массимо Маурицио келді. Профессор орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, кафедра меңгерушісі Сауле Әбішевамен бірлескен ғылыми жұмыстың болашағын талқылады.
Профессор Маурицио қазіргі орыс поэзиясын зерттеуге маманданған және ХХ ғасырдағы орыс ақындарының шығармаларын аударумен айналысады. Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларға қатысу, академиялық алмасулар және дәрістер өткізу сияқты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, сапар аясында профессор Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиевамен кездесіп, серіктестік қатынастарды дамыту және халықаралық өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
Профессордың сапары халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды және филологиялық білім мен ғылымды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|