Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
26.03.2025
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Наурыз тойы тойланды 2025 жылдың 20 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы бүкіл университетпен бірге Наурыз мейрамын салтанатты түрде және кеңінен атап өтті. Наурыз мейрамы - табиғат оянып, жүректер бір-біріне мейірімі төгіліп, көңілі толатын мереке. Жарқын күн сәулесі, ұлттық нақыштағы киімдер, әсерлі билер, ғасырлық дәстүрлердің рухын көтеретін әуендер мерекені безендіріп, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Филология факультетінің, сондай-ақ Түркіменстан мен Чехия студенттері шынайы халықаралық мереке атмосферасын құрды. Ұлттық музыка, қазақ күйлері, түркмен әндері шырқалды, ал, мерекелік тағамдардың хош иісі барлығын бір үлкен дастархан басында біріктірді.
Наурыз - бұл күнтізбедегі жәй ғана күн емес. Бұл әсерлі уақыт: көктем табиғатта ғана емес, жүрегімізде де өмір сүреді. Әлемді жарықпен жылытайық!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|