қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2025

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2025 жылдың 11 сәуірінде (АҚШ) Дэйвис қаласының Калифорния университетінде «Қазіргі жағдайдағы білім берудің цифрлық трансформациясының тенденциялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференцияның ұйымдастырушысы ретінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жүрген Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы ф. ғ.к. Г. Ж.Байшүкурова және Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты, PhD докторы Ж.Ш.Сәметова танылды.

 

Пленарлық отырыс аясында «Поэтикалық мәтіндегі жасырын сызбалар мен суреттердің шифрын ашу» тақырыбында кафедра меңгерушісі ф.ғ. д., профессор С.Д.Әбішева баяндама жасады.

 

Конференция сындарлы диалог пен өзара пікір алмасу атмосферасында өтті. Қатысушылар іс-шараның ұйымдастырушылық деңгейін жоғары бағалады, бастамашылар мен ұйымдастырушыларға білім беру жүйесін цифрландыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін тиімді алаң құрғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу