қазақша · русский · english
 
 
 
27.05.2025

Палацк университетінің (Чехия) студенттері Абай университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады


2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрі аясындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай университетінде орыс филологиясы мамандығында оқитын Чехия Республикасының Оломоуц қаласындағы Палацкий университетінің екінші курс студенттері білім алды. Палацкий университеті - біздің оқу ордамыздың көпжылдық серіктесі.

 

Семестр бойы чех студенттері орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының білім беру бағдарламасында қарастырылған міндетті және қосымша сабақтарға қатысты. Олар академиялық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, аралық аттестаттаудан сәтті өтті, университет өміріне және мәдени іс-шараларға белсенді қатысты.

 

Оқудан бос уақытында студенттер Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып, Алматы қаласының көрікті жерлерімен танысты.

 

Оқу аяқталғаннан кейін Әлия Серікқазықызы бастаған халықаралық ұтқырлық кеңсесінің өкілдері студенттерге естелік сыйлықтар мен университеттің фирмалық өнімдерін табыс етті. Жылы қабылдағаны және қолдағаны үшін чех студенттері кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішеваға және семестр бойы бірге жұмыс істеген оқытушыларына алғыстарын білдірді.

 

Мұндай бағдарламаларға қатысу халықаралық ынтымақтастықты, академиялық интеграцияны нығайтуға және мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етеді. Келесі оқу жылында Абай университеті студенттерін Палацк университетіне оқуға жіберу жоспарлануда.

 

Aбай университеті серіктестік ЖОО-ға жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, студенттерге оқуда одан әрі табыс тілейді.

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу