Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
29.05.2025
Абай университетінің докторанты Германияда ғылыми тағылымдамадан өтті 2025 жылғы 14 сәуір мен 14 мамыр аралығында «Әдебиеттану» бағыты бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс докторанты Ханзада Лесова Германияның Дрезден қаласындағы Техникалық университеттің Славистика институтында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты - халықаралық ғылыми ортада диссертациялық зерттеу тақырыбын тереңірек дамыту болды. Бұл жерде қазіргі шетелдік әдебиеттану тәсілдерін меңгеруге және көркем мәтіндерді салыстырмалы талдау әдістемесін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Тағылымдама аясында ғылыми кеңесші ретінде ф. ғ. д., профессор Хольгер Куссе жетекшілік етті. Ол филология саласындағы беделді маман болып табылады. Профессордан кеңес алу барысында зерттеудің құрылымы, теориялық негізі және лингвистикалық аспектілері талқыланып, диссертациялық тақырыпқа жаңаша, кең ғылыми көзқараспен қарауға мүмкіндік туды.
Сондай-ақ тағылымдама барысында Ханзада Лесова п. ғ. к. А. А. Краустың дәрістеріне және профессор Куссенің ғылыми семинарына қатысты.
Тағылымдаманың маңызды бөлігі Дрезден қаласындағы SLUB кітапханасында өз бетімен жүргізілген жұмыс болды. Онда диссертация тақырыбына қатысты библиографиялық ізденістер жүргізіліп, түркі халықтарының эпосы саналатын «Kitāb-ı Dedem Ḳorḳud» («Менің атам Қорқыттың кітабы») атты түпнұсқа қолжазбамен танысу мүмкіндігі туды. Бұл сәт тағылымдаманың ерекше шабыт көзіне айналды.
Докторант TUD студенттері мен докторанттарына арналған «Қазақстандық білім беруді интернационалдандыруда Абай атындағы ҚазҰПУ рөлі» атты семинар өткізді. Презентация тыңдаушылар арасында қызу пікірталас тудырды.
Академиялық кездесулердің маңызды нәтижесі ҚазҰПУ мен TUD Славистика институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат екіжақты ғылыми жобаларды, академиялық алмасуларды және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жол ашады.
Сонымен қатар, Берлиндегі Гумбольдт университетіне және оның кітапханасына сапар ұйымдастырылды. Бұл кең ғылыми ресурстармен, әдебиеттану бойынша құнды дереккөздермен танысуға мүмкіндік берді.
- диссертация үшін маңызды ғылыми материалдар жинақталды; - халықаралық академиялық байланыстар орнатылды; - университеттер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды; - Scopus журналында жариялау үшін ғылыми мақала дайындалды; - тағылымдамадан өткені туралы ресми сертификат алынды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|