Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
09.06.2025
Абай университетінің оқытушылары АҚШ-тағы ғылыми тағылымдамасын аяқтады 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы мамырға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары - Ержанова Ф.М., Жандыкеева Г.Е., Серикова С.К., Умарова А.Б. бір жыл бойы «Болашақ - 500 ғалым» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Иллинойс Урбана-Шампейн университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Бағдарлама жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне интеграциялау мен заманауи педагогикалық тенденцияларды зерттеуге арналды.
Тағылымдама барысында оқытушылар білім беру тиімділігін арттыру, оқу бағдарламаларын студенттердің жеке қажеттіліктеріне бейімдеу және педагогикалық жұмыстың рутинді міндеттерін автоматтандыру үшін AI-ды (жасанды интеллектті) қолданудың озық әдістерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Айрықша назар қазіргі педагогикадағы трендтерді, атап айтқанда құзыреттілікке негізделген тәсілді, жобалық оқытуды, сыни ойлауды дамыту мен білім берудің цифрлық трансформациясын зерделеуге бағытталды. Иллинойс университетінің жетекші сарапшылары және оқытушыларымен тәжірибе алмасу мен практикалық сабақтар зерттеушілердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, білім беру технологияларын дамытудың келешекті бағыттарын түсінуге жол ашты.
Алынған білім мен дағдылар білім беру саласындағы болашақ жұмыс үшін құнды ресурс болып табылады және AI көмегімен инновациялық шешімдерді енгізуге әрі оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|