
 
|  Негізгі бет /
Хабарландыру 
20.01.2020 «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» республикалық педагогикалық олимпиадасы 
 2020 жылы 27-28 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған республикалық педагогикалық олимпиадасы өтеді. 
 Олимпиаданың мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту. 
 - ғылыми жоба әзірлеу және оны қорғау; - өмірлік жағдаяттарға байланысты қойылым көрсету; - «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» бойынша сабақ үзіндісін көрсету. 
 
 Булшекбаева Асем Исаевна - 87054674187 - Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор; Асанханова Жанна Жеткербайқызы - 87776560729 - Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Электрондық пошта: abayolimpiadasy@bk.ru 
 
 |