қазақша · русский · english
   

Институттың интербелсенді тақталары, компьютерлері, лингафондық, Microsoft Power Point слайдтарын көрсетуге арналған LСD проекторларымен жабдықталған дәрісханалары, сонымен қатар 3 тәжірибелік зертханалары (криминалистика, соттық экспертология, қылмыстық іс жүргізу құқығы), академик Ғ.С.Сапарғалиев атындағы кабинет - мұражайы және 4 оқу-әдістемелік кабинеттері бар. Студенттер мен оқытушылардың қызметіне 1 оқу залы бар (40 орынға арналған. Жылдық қатысу -10600 адам, күнделікті қатысу - 100 адамға жуық). Институт жаһандық компьютерлік интернет желісіне және «Комфорт» локальдық желісіне, «Модуль кафедра» және «Модуль деканат» ақпараттық желісіне, сонымен қатар оқу үрдісінің мамандандырылған деректер базасын пайдалануға мүмкіншілігі бар. Қажеттілігіне қарай студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Жігіттердің әскери кафедрасында оқу мүмкіндігі қарастырылған.