қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.04.2020

2019/2020 оқу жылының көктемгі сессиясын өткізу туралы ақпарат


Университет Ғылыми кеңесінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен академиялық күнтізбеге сәйкес 2019/2020 оқу жылының көктемгі сессиясы (аралық бақылау) 2020 жылы 4 мамыр мен 7 маусым аралығында қашықтан өткізілетін болады.

 

Емтихандар төмендегідей форматта жүзеге асырылады:

1. Онлайн-тест «Univer» жүйесінде жүргізіледі және тест тапсыру кезінде Академиялық адалдықты бақылау үшін прокторинг жүйесі пайдаланады;

2. Шығармашылық пәндер бойынша емтихандар бейнеконференция форматында өткізіледі және прокторинг қолданылады.

 

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы мен университеттің көптеген студенттермен және магистранттардың өтініштерін қарастыра отырып, ағымдағы бағалар негізінде емтихан тапсырмай пән бойынша емтихан бағасын қою туралы шешім қабылданды. Мұндай шешім студенттің жеке өтініші мен интернет байланысының нашарлығын ескере отырып қолданылатын болады.

 



2

Кері оралу