
Жаратылыстану және география факультеті | Халықаралық ынтымақтастық
Жаратылыстану және география факультетіндегі (ЖГФ) халықаралық ынтымақтастық академиялық және ғылыми жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ынтымақтастық әр түрлі елдердің ғалымдарымен оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытуда маңызды роль атқарады. Факультет Окаяма университетінің (Жапония) тұрақты даму бағытында білім беруді ілгерілету орталығымен бірлесіп, ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мүддесі үшін зерттеулер мен білім беруге қолдау көрсету бойынша жұмыс жасап «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» («Тұрақты даму мүддесі үшін азиялық білім беру саласындағы озық тәжірибе орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруі мәселелері бойынша педагогикалық білімге жәрдемдесу» ғылыми жоба тақырыбымен жұмыс жасауда. Жобаға Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд сияқты тоғыз Азия елдерінің ғалымдары қатысуда. Жаратылыстану және география факультетінің оқытушылары «Жасыл технологиялар» жобасы бойынша коллаборациялық ғылыми зерттеулер жүргізеді, бұл Абай университеті (Қазақстан) мен Фудань университеті (Қытай) арасындағы интеграцияны нығайтуға бағытталған. Жоба Азия елдері арасындағы тұрақты даму, экологиялық жаңғырту және ғылыми ынтымақтастық саласындағы бірлескен тәсілдерді дамытуға арналған. Жаратылыстану және география факультетінің жас ғалымдары Венгрияның МATE университетінің (Венгер ауыл шаруашылығы және өмірлік ғылымдар университеті) Flagship Research Groups бағдарламасына қатысады — «Тұрақты жасыл болашақ құру үшін ғылыми туризмді зерттеу: шеңберлік экономикаға көшу жағдайында ауылдық және қалалық аймақтардың инновациялық дамуы мен өмір сүру қабілеттілігін зерттеу» («Scientific tourism research to build a sustainable green future: exploring the innovative development and livability of rural and urban areas in the transition to a circular economy»). Ұйымдастырушы: Венгрия, Гёдёлло қаласындағы МATE университеті. Сонымен қатар, Сечени университетімен (Дьёр қаласы, Венгрия) бірлесіп «SCOPUS Q1/Q2 publication project» жобасы жүзеге асырылуда, бұл жоба ғылыми жарияланым белсенділігін арттыруға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Жоба аясында бірінші және екінші квартильге кіретін SCOPUS журналдарына мақалаларды бірлесіп дайындау жүргізіледі. Жаратылыстану және география факультетінің оқытушылары әлемнің танымал тағылымдамадан өткен: Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында, мысалы George Washington University (Вашингтон, США), Necmettin Erbakan University (Конья, Түркия), Sapienza – Università di Roma (Рим, Италия), University of Illinois Urbana-Champaign (Иллинойс, США), University of California Davis (Калифорния, США), University of Reading (Беркшир, Ұлыбритания) тағылымдамадан өтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Жаратылыстану және география факультетінің студенттері Польша, Жапония, Литва, Түркия, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерінде білім алады. Магистранттар мен докторанттар ғылыми тағылымдамаларын Польша, Беларусь, Ресей, Туркия, Литва және т.б. мемлекеттерінде өтеды. Жаратылыстану және география факультетінде жыл сайын әр түрлі бағыттағы өзекті тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциялар мен жастар форумы ұйымдастырылады. Ұйымдастырылған іс шараларға Европа және Азия, ТМД елдерінің ғалымдары қатысып, олардың еңбектері жарияланып мазмұнды тезистер тындалады. Ұйымдастырылып отырған мұндай іс шаралар ғалымдарға өз зерттеу жұмыстары мен ғылыми идеяларын тұжырымдауға және басқа елдердің ғалымдарымен қарым-қатынас орнатуға толығымен мүмкіндіктер береді.
Шетелдік серіктестер
|