қазақша · русский · english
 
 
 

Кафедра шетелдердің жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарымен және танымал ғалымдарымен тығыз халықаралық байланыстар орнатуда. Кафедра Торонто университеті (Канада), Ұлттық технология институты, Ояма колледжі (Жапония), Вена университеті (Австрия), Анкара университеті (Түркия), Мармара университеті (Түркия), РҒА Шығыстану институты, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Шығыстану факультетімен (РФ), Алтай мемлекеттік университеті (РФ), Марджани ат. институт (Татарстан), М.П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университет (Украина), Белоруссия мемлекеттік университеті (Беларусь), Нукус инновациялық институты (Өзбекстан), Ұлттық археология орталығы (Өзбекстан), Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Қырғызстан) ғалымдарымен халықаралық байланыста жұмыс жасайды.

 

Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және коллоквиумдардарға белсенді түрде қатысады. 2023-2024 оқу жылында олар шетелдерде (Түркия, Ресей, Әзербайжан және т.б.) бірнеше конференцияларда баяндама жасады. Кафедраның халықаралық қызметі университет беделін арттыруға және халықаралық білім мен ғылым кеңістігіне енуге бағытталған.


Кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ғылым декадасы - 2024» аясында «Түркия ғалымдарының Алтын орда мемлекеті тарихының зерттелуі туралы көзқарастары» атты Халықаралық дөңгелек үстел (2024 жылдың 10 сәуірінде) және «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы әдістері» ғылыми-әдістемелік семинар (2024 жылдың 4 сәуірінде) өткізілді.


Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының бастамасымен 2024 жылдың 13 наурызында Еуразияның тарихи географиясын зерттеуге атсалысып жүрген ғалым, шығыстанушы Нұрлан Кенжеахметтің «Еуразияның тарихи географиясы» тақырыбында студенттермен кездесуі өтсе, 15 наурызында Түркиялық танымал ғалым Анкара университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Абдуллах Гюндогдының «Жошы ұлысы тарихы: Алтын Орда кезеңі» тақырыбында дәрісі ұйымдастырылды.


2024 ж. 16-24 қазанында студенттердің Қазақстанның ежелгі және ортағасырдағы тарихына, мамандар жетіспейтін нумизматика саласына қызығушылығын арттыру мақсатында Ресейлік белгілі нумизмат маман, т.ғ.к. Павел Николаевич Петровтың дәрістері ұйымдастырылды.


"Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан тарихы" кафедрасының алғашқы үлкен іс-шарасы 2024 жылдың 22 мамырында Жошы ұлысының 800 жылдығына арналып ұйымдастырылған «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы және тағлымы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Жоғары деңгейде өткен конференцияға бірнеше шетелдік (Канада, Түркия, Украина, АҚШ, Жапония) және танымал Қазақстандық ғалымдар онлайн және офлайн форматтарында қатысты. Конференция жұмысы Бұқаралық ақпарат құралдарында кең көрініс тапты.


2025 жылдың қантар айында кафедрамыз республика көлемінде оқытушыларға арналған біліктіліктерін көтеру мақсатында «Қысқы мектеп» іс-шарасын өткізді. Бұл шараның басты мақсаты - білім саласында жаңа тәсілдер мен әдіс-тәсілдерге негізделген кәсіби дағдыларды арттыру, сондай-ақ ғылыми қызметкерлердің заманауи білім беру талаптарына сәйкес бейімделуін қамтамасыз ету болды.