Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасы | ![]()
24.02.2025
Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы 2025 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ұйымдастырылған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі аясында «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел жұмысын Орталық музей, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» бірлесіп өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Алтын Орданың тарихи-мәдени мұраларын қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелерін саралау, оны қалың жұртшылыққа насихаттау, туристік салада алатын орнын көрсету, өскелең ұрпақтың санасында көне мұраларға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Осыған орай, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі) Қазақ хандығының тарихын кезеңдеу мәселелері бойынша және оны сегіз бағытта қарастыру керектігін, бұл алдағы уақытта келешек жас ғалымдардың зерттеулеріне өз септігін тигізеді деп атап өтті, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) Мадияр Елеуов Алтын Орданың тарихи-мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мәселелері, Ұлы жібек жолдарының бағытын қайта нақтылау керектігіне тоқтады, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор (Абай атындағы Алматы Ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі) Нұрлан Атығаев Жошы Ұлысы тарихы бойынша Иран және Түркия кітапхаларындағы кейбір дереккөздермен таныстырды. Алынған құжаттар арасында Алтын Орда, Шағатай ұлысының келбетін, тақтымен киім үлгісі бейнеленген минитюралардың түп нұсқасы жөнінде айтылды.
Сондай ақ, дөңгелек үстел жұмысы барысында қазіргі таңда Қазақ археологиясындағы ескерткіштерді зерттеу, оларды консервациялау мәселелері жөнінде бірнеше баяндамалар тыңдалды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|