қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2025

Абай университетінің «Үздік ғылыми қызметкері-2024»

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Нұрлан Атығаев «Үздік ғылыми қызметкері-2024» атағын алды.


Нұрлан Атығаев - орта ғасырдағы Қазақстан мен Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті саласындағы зерттеуші ғалым, білікті маман. Ол Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша 150-ден астам жарияланымның авторы. Олардың ішінде 3 ғылыми монографиялық зерттеуі жарық көрген: «Казахское ханство в потоке истории. Очерки», «Казахское ханство: очерки внешне политической истории XV-XVII веков» және «Деньги на «Шелковом пути» (территория Казахстана, XIII - XIV вв.)». Соңғы 5 жыл ішінде 40-тан астам ғылыми еңбектері жарияланды. Нұрлан Атығаевтың зерттеу еңбектері жақын және алыс шетелдерде (Түркияда, Қытайда, Ресей Федерациясында, Польшада, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Арменияда, Украинада және т.б.) жарық көрді.

 

ЖОО орындарының «Үздік ғылыми қызметкер-2024» атағына ие болуымен құттықтай отырып, алдағы жылы да табыс пен жаңашыл еңбек тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу