Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
12.03.2025
Жоғары оқу орнында «Абайтану» пәнін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті Академик С.Қирабаев атындығы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Абайтану пәнін жоғары оқу орнында оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» атты біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курс барысында «Абайтану пәнін оқытудың теориялық негіздері», «Абай шығармашылығын оқытудың әдіс-тәсілдері», «Абай және Алаш идеологиясы: Абай мәтіндерін канондау», «Абай танымындағы жүрек» және тағы да басқа тақырыптар қамтылды.
Курста Абай университеті «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, Марат Бекбосынов, Дәурен Мухамедиев сынды Абай ілімін зерттеушілер және Шәкәрім университетінің профессоры Қарлығаш Әубәкір, «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қуат Қиықбай, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы, PhD докторы (Шотландия) Гүлшат Түсіп дәріс оқыды.
Курсқа қатысушыларға 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын сертификат табысталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|