Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
09.04.2025
Академиялық мәтін жазу және жасанды интеллект: Абай университетінде қонақ дәріс өтті 2025 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің акад. С. Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылым онкүндігі аясында «Академиялық мәтін жазу және жасанды интеллект» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәрісті Абердин университетінің (Ұлыбритания) PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты Түсіпова Гүлшат Бақытжанқызы жүргізді. Шараға оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Қонақ дәрісте академиялық мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері (магистрлік және PhD диссертациялар мысалында), қазіргі заманғы ғылымдағы жасанды интеллектінің орны мен оның жұмыс алгоритмі, сондай-ақ плагиатпен күрестегі рөлі кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ғылыми этика талаптарына сай қолданудың тиімді жолдары ұсынылды.
Іс-шара аясында қатысушылар академиялық мәтін жазудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты. Дәріс соңында Гүлшат Бақытжанқызы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, әдебиеттерге шолу жасау, теориялық және әдіснамалық бөлімдерді түзу бойынша практикалық кеңестерімен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|