Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
22.04.2025
"Авторлық бағдарлама жазу жолдары" Жалпы білім беретін орта мектептермен тығыз байланыс орнату - қазақ әдебиеті және оны оқыту кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмыстарының негізгі жолы деуге болады. 2025 жылдың сәуірінде Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары п.ғ.к. Бораш Рыскүл Байділдақызы мен Тоқшылықова Гүлназ Базарбайқызы Қарасай ауданы, Абай ауылындағы №2 мектепке барып, семинар өткізді.
Семинар барысында Рыскүл Байділдақызы "Авторлық бағдарлама жазу жолдары" атты баяндама жасап, мектеп мұғалімдерінің сұрақтарына жауап берді. Авторлық бағдарлама жазу мәселесі бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері үшін өзекті екені айқындалды. Сол үшін де мектеп пен университет арасындағы байланыс әлі де жалғасын табатындығы негізделді. Өзара пікір алмасу мен мен сұрақ-жауапқа ұласқан семинар соңында "Абай ауылындағы 2 орта мектебі" КММ ұстаздары Қабденова Баян Болатовна, Кермешова Жанна Бахытжановна, Касабекова Гульнара Муратбековналар кафедра ғалымдарына алғыс, ықыластарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|