Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті,  Арнайы педагогика кафедрасы аясында құрылған «Жас ғалымдар» клубы 01.09.2022 ж. бастап бүгінгі күнге дейін жұмысын жалғастыруда. 
 Қатысушылар: «6В01901-Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары, докторанттары. Кездесулер ONLINE/OFLINE форматында ZOOM платформасында жүргізіледі. 
 Зерттеу тақырыбы: Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын  ұйымдастыру. 
 Мақсаты: Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың арнайы білім беру саласы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын жүйелі орындауға  деген қызығушылықтарын ояту. 
 Міндеттері: - білім алушылар арасында ғылыми білімді насихаттау және олардың ғылыми дайындық деңгейін арттыруға көмектесу;  - ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар жүйесін түсіну бойынша бағыт-бағдар беру; - алынған ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігін анықтауға және оны өз тәжірибелерінде қолдануға бағыттау;  - ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша материалды талдауға, жүйелеуге үйрету;  - зерттеу бойынша аналитикалық жұмыстарды жүргізу, талаптарға сәйкес жүйелеу және рәсімдеуге үйрету;  - білім алушыларды ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға бағыттау;  - жас ғалымдар арасында жобаларға қатысуға бағдарлау. 
  
«Жас ғалымдар» клубының жетекшісі 3 курс докторанты Г.Ж.Ержанова. 
  
      
  
      
  
 |