қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2025

Қытай Жаңа жылына арналған мерекелік кеш


2025 жылғы 11 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қытай Жаңа жылына арналған «Сен үздік студентсің» студенттік клубы мүшелерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті. Ұйымдастырушылар - қытай тілі және қытайтану кафедрасының 3 курс студенттері.

 

Кеш қонақтары Абай атындағы ҚазҰПУ- нің Филология факультеті директорының шетел тілдері мамандықтары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Саурикова, қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Алиханкызы Гулия, кафедра оқытушылары Раева А.Н., Мейрхан Сымбат., А.М.Алмабекова, С.Тоқтарбек болды.

 

Бұл іс-шараның мақсаты қытай тілін үйренетін студенттерді қытай мәдениетімен тереңірек таныстыру. Осы орайда Аспан асты елінің әндері мен билерімен қатар қазақ әндері мен күйлері шырқалды, Қытайдың Жаңа жылы туралы презентация көрсетілді, «Сен үздік студентсің» студенттік клубының белсенділері, «6В01709»-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі мамандығының 3-курс студенттері, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚХР Шао Синь қаласында білім алып келгендігі жөнінде, презентация көрсетіп, әңгімелеп берді. Сонымен қатар қытай халқының жаңа жыл мерекесіне арналған түрлі викториналық сұрақтары қойылып, ойындар ойнатылды, белсенділік танытқан студенттерге сыйлықтар табысталды.

 

Қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Алиханкызы Гулия студенттер мен оқытушыларға құттықтау тілегін айтып, іс-шараға белсене қатысқан студенттерге алғысын білдірді.

 

Студенттер мен оқытушылар арасында қытай тілін тереңдетіп оқытуға, студенттерді жақындастыруға бағытталған осындай форматтағы іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу