қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2025

«Қытайдың дәстүрлі фестивалі мәдениеті» халықаралық семинар есебі


2025 жыл 6 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қытай тілі және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қытайдың дәстүрлі фестивалі мәдениеті» атты халықаралық семинар өткізілді.

 

Семинарға Қытай Халық республикасы, Синань университетінен арнайы шақырылған профессор Шо Лонвей, Zerdesh мектебінің директоры Марьяша Тлеубаева, Tamos education international мектебінен Жасан Айдаражы, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі оқытушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары қатысты.

 

Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінің деканы Алуа Танжарикова құттықтау сөзімен ашты. Семинар барысында профессор Шо Лонвей «Қытайдың дәстүрлі фестивалі мәдениеті» атты дәріс оқып, тыңдаушылар қытай дәстүрлі мерекелерімен - Қытай Жаңа жылы (Көктем мерекесі, Chūnjié), Шамдар фестивалі (Yuánxiāo jié), Цинмин фестивалі (Qīngmíng jié), Ай фестивалі (Орта Күз фестивалі, Zhōngqiū jié), Ай фестивалі (Орта Күз фестивалі, Zhōngqiū jié), Айдаһар қайықтар фестивалі ( Duānwǔ jié), Қос жетілік фестивалі (Qīxī jié) танысты. Әр мерекенің Қытай мәдениетінде алатын орны туралы, қызықты фактілер мен аталып өту ерекшеліктері талқыланды. Бұл қытай тілі оқытушылары мен білім алушылар үшін қызықты дәріс болды.

 

Профессор Шо Лонвей білім алушылармен кері байланыс жасап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Семинар соңында Zerdesh мектебінің директоры Марьяша Тлеубаева, Tamos education international мектебінен Жасан Айдаражы, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі оқытушылары сөз алып, құттықтауларын білдіріп, білім алушыларды аталмыш оқу оарындарында қытай тілінен іс-тәжірибе өтуіне ұсыныс білдірді.

 

Семинар жоғары деңгейде өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және студенттер мен оқытушылар арасында қытай мәдениеті туралы білімді тереңдетуге септігін тигізді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу