Қытай тілі және қытайтану кафедрасы | ![]()
14.04.2025
Қытай каллиграфиясы: мәдениет пен өнер тоғысқан шеберлік сағаты 2025 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың Филология факультеті, қытай тілі және қытайтану кафедрасының оқытушылары Раева А.Н., Мейрхан Сымбат, «Aisaf Almaty» гимназиясында шеберлік сағатын өткізді.
Бұл іс-шара оқушылардың қытай мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын, сабырлылық пен зейін қою қабілеттерін дамытты.
Шеберлік сағатын практикант студент Мадьярова Васифа және Раева А.Н,.Мейрхан Сымбат каллиграфияның тарихы, негізгі стильдері мен құрал-жабдықтары туралы баяндап берді. Қатысушылар қылқаламмен жұмыс істеудің әдістерін үйреніп, иероглифтердің терең мағынасы мен олардың көркемдік сипаты жайында мағлұмат алды.
Оқушылар өз қолдарымен «достық», «бақыт», «бейбітшілік» сияқты иероглифтерді жазып, қытай тіліндегі жазудың ерекшелігін тәжірибе жүзінде байқап көрді. Бұл олардың тілге деген қызығушылығын арттырып, мәдени алмасудың маңызын сезінуге сеп болды.
Мектеп әкімшілігі мұндай іс-шаралардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және түрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге үлкен үлес қосатынын атап өтті. Ал оқушылар өз әсерлерімен бөлісе отырып, каллиграфиямен айналысу оларға тыныштық пен шабыт сыйлағанын жеткізді.
Қорытындылай келе, Қытай каллиграфиясына арналған шеберлік сағаты білім мен өнердің үйлесімін паш еткен тағылымды іс-шара болды. Мұндай сабақтар мәдениетаралық диалогты дамытып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|