Қытай тілі және қытайтану кафедрасы | ![]()
23.05.2025
Гонконг Баптист университетінің (Hong Kong Baptist University) студенттерімен халықаралық мәдени-білім беру іс-шарасы 2025 жылғы 22 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қытай тілі және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық ынтымақтастық аясында Гонконг Баптист университетінің (Hong Kong Baptist University) студенттерімен халықаралық деңгейдегі мәдени-білім беру іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара ҚазҰПУ мен Гонконг университеті арасындағы өзара байланыстарды нығайту, академиялық серіктестік пен мәдени алмасуды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева, Филология факультетінің деканы Алуа Танжарыкова, қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Гүлия Алиханқызы, қытай тілі және қытайтану кафедрасының оқытушылары Сымбат Мейрхан, Арайлым Раева, Аяжан Елемес және студенттер қатысты.
Екі ел студенттері арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайту, өзара тәжірибе алмасу мен достық қатынасты дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара аясында келген қонақтарды университет әкімшілігі, оқытушылар құрамы және студенттер жылы қарсы алды.
Жиында қонақтарға университеттің тарихы мен жетістіктері таныстырылып, қытай және қазақ студенттері арасында мәдени диалог алаңы құрылды. Қос тарап студенттерінің таныстырылымдары, шығармашылық қойылымдары, сондай-ақ ашық пікір алмасу сессиялары ұйымдастырылды.
Кездесу барысында екі ел жастары ұлттық мәдениет, білім беру жүйесі және студенттік өмір туралы ой бөлісті. Сонымен қатар университет студенттері қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынып, қазақтың ұлттық өнерін паш етті. Гонконгтан келген студенттер де өз өнерлерін көрсетіп, ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара достық атмосферада өтіп, қатысушылар үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жарқын үлгісі болып табылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|