Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығы |
13.06.2024
Action Research білім беру бағдарламасының қорытындысы бойынша жас зерттеуші ғалымдарды сертификаттау 2024 жылдың 12 маусымында «Action Research-педагог-зерттеуші моделін қалыптастыру негізі» білім беру бағдарламасы бойынша жас зерттеуші ғалымдарға арналған біліктілікті арттыру курсының бірінші ағымының тыңдаушыларына сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Курс АР 14872311 «Action Research сынды зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған.
Іс-шараның ашылуында академиялық қызмет жөніндегі проректоры Б.М.Нарбекова, Ғылым департаментінің директоры Ұ.М.Абдиғапбарова, Педагогика және психология факультетінің деканы Ғ.А.Абаева және жоба жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушісі А.Е.Берікханова құттықтау сөз сөйледі.
Абай университетінің жас ғалымдары Action Research бойынша өздерінің жаңа зерттеу инсайттарымен таныстырып, педагогикалық ғылым мен тәжірибені интеграциялаудың оңтайлы шешімдерімен және нәтижелерімен бөлісіп, педагогтердің зерттеу белсенділігін арттыруда және кәсіби тәжірибені жақсартуда курстың ББ-ның жоғары тиімділігі атап өтті, жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.
Осы курстың вебинарларының нәтижелері негізінде білім беру бағдарламасының 6 модулі бойынша тапсырмаларды сәтті орындаған 84 жас зерттеуші белгіленген үлгідегі сертификаттарға ие болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|