
Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
24.10.2017
Алматыда «Денсаулық күні» атты спартакиада өтті
Алматыда «Денсаулық күні» атты спартакиада өтті. Спорттық шараға Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің 2 мыңға жуық студенттері мен мұғалімдері қатысты. Спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жүлделі орын алғандар мақтау грамотасымен мараппатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шараны өткізудегі мақсат - қала тұрғындарына бұқаралық спортты кеңінен таныстыру, оны дамыту. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. «Халықтың денсаулығы ел дамуының аса маңызды тұтқасы. Болашағымыздың кепілі деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан. Сол біздің болашағымыздың кепілі ретінде жастарымыз осы бұқаралық спортқа қатысып және барлық спортпен айналысса деген ойлармен бастап отырмыз. Осы біздің спартакиадамыздың негізгі идеясы бұқаралық спортты осы елдің арасында жария етіп, одан кейін ары қаратай дамытуға ат салысу»,- деді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Тахир БАЛЫҚБАЕВ.
Алматыда «Денсаулық күні» атты спартакиада өтті (видео)
Ақпарат көзі: «Аlmaty.tv» теле арнасы 24.10.2017ж.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|