![]()
22.04.2024 «Тоғызқұмалақ» Алматы дивизионы 2024 жылдың 18-19 сәуір аралығында, «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалымен бірлесіп, «Ұлттық мұра» жобасы аясында өткізілген «Тоғызқұмалақ» Алматы дивизионы бойынша, Алматы қаласы жоғары оқу орындарынан 30 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы (қыздар мен ұлдар) І орынға ие болып, Астанада өтетін Студенттік спорт лигасының республикалық финалдық кезеңіне жолдама алды.
ҚР Студенттік спорт лигасы жарыстарының өңірлік кезеңінің жеке біріншілігіндегі нәтижелер:
3 тақта - Жанабилов Ердәулет, чемпион, 1 орын, ДШжС; 3 тақта - Тұрсынәлі Ақерке, чемпион, 1 орын, ДШжС; 1 тақта - Қуатова Аружан, 2 орын, ДШжС; 2 тақта - Сәрсенбаева Забира, 2 орын, ДШжС; 2 тақта - Пернебаев Ерасыл, 2 орын, ЖГИ.
Жаттықтырушы - М. М. Иралина.
|