
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
05.07.2024 Педагогика және психология факультеті 715 түлекке диплом табыстады 2024 жылдың 2-3 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология факультетінде бітіруші түлектерге арналған «Біліммен - болашаққа» салтанатты диплом тапсыру шарасы өтті. Маңызды мерекелік шараның шымылдығы Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің құттықтау сөзімен ашылды. 
 Биыл Педагогика және психология факультеті бойынша 715 студент бітіруші түлек атанып, болашаққа қадам басқалы тұр. Бакалавр бөлімі бойынша жалпы саны - 478 түлек қолына дипломын алса, оның ішінде үздік деп танылғандар саны - 176. Ал, 207 білім алушы магистратура бағдарламасы бойынша білімін аяқтап, магистр дәрежесін иеленді. 
 Іс-шара барысында университет қабырғасында үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан, өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін бірнеше түлек университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, түлектерге университет ректорының атынан Абай Құнанбаевтың қара сөздер жинағы естелік ретінде табысталды. 
 Салтанатты іс-шараға университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, цифрландыру жөніндегі проректор Нуркен Мусабаев, факультет деканы Ғалия Абаева және профессор-оқутышылар құрамы қатысып, болашақ маман иелеріне ақ жол тіледі. 
 Әсерлі шара соңы түлектерге арналған концерттік бағдарламаға ұласты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  |