![]()
17.09.2024 Абай университетінің студенттері ҚР Президенті стипендиясының иегерлері атанды 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын жоғары және (немесе) оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлуге байланысты 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттерге ҚР Президентінің стипендиясы тағайындалды. «Бастауыш білім» білім беру бағдарламасының үш студенті Президенттік стипендияның иегері атанды:
Мұгауия Перизат - «6В01304-Бастауыш білім көптілділікпен» мамандығының 4 курс студенті.
Елтай Ауана - «6В01303-Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының 3 курс студенті.
Ткаченко Анастасия - «6В01303-Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының 3 курс студенті.
|