![]()
21.10.2024 Студенттік ректоратқа сайлау науқаны 2024 жылдың 17 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен «Студенттік ректоратқа» сайлау науқаны өтті.
Сайлауға университеттің 7 факультеті мен 1 институтынан жалпы саны 35 үміткер қатысып, ең белсенді 23 студент Студенттік ректорат мүшелігіне сайланды.
Нәтижесінде Студенттік ректораттың мүшелігіне Филология факультетінен: Мадияр Хайрулмажитов, Елдар Шабденов, Дина Жұман; Жаратылыстану және география факультетінен: Жандос Әділхан, Айгерім Ержан, Хушноз Нарзуллаева; Тарих және құқық факультетінен: Нұрайлым Нұржан, Мерей Олжабай; Педагогика және психология факультетінен: Ниязхан Темірханұлы, Көркем Бекмухамбет, Нұрсауле Маулен; Математика, физика және информатика факультетінен: Нұрдана Қуантай, Альбина Тұрсынбек, Ізбасар Измахан; Өнер факультетінен: Нұрайым Ерболатқызы, Бекзат Әбдірәсіл, Перизат Жанкелдіқызы; Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінен: Ердәулет Джанабилов, Асылзада Абишова, Мирас Айтуар; Сорбонна-Қазақстан институтынан: Эльнура Беделбай, Мөлдір Қадылбек, Ақбота Жұбатханова сайланды.
Сайлау нәтижесінде бір жылға сайланған ұйым мүшелері студенттердің қызығушылықтары мен оларды толғандырған мәселелер және шешімдері төңірегіндегі жұмыстармен айналысатын болады.
Жастар ісі жөніндегі бөлім |