
 
«2017 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары «2017 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.
-       орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор - Абишева Сәуле Жүнісқызы;
-        «Функционалдық технология және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор - Косов Владимир Николаевич;
-        «Тұлға психологиясы» ғылыми орталығының директоры, психология ғылымдарының докторы, профессор - Намазбаева Жамила Ыдырысқызы;
-       информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты - Ошанова Нұржамал Тұрашқызы;
-        «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессоры - Сманова Ақмарал Смаилқызы;
-        химия кафедрасының доценті, техника ғылымдарының докторы - Тұрғұмбаева Раушан Халдарбекқызы.
Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмыстарының сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Олар: оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.
 Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жеңімпаздарын мақтан тұтады!