![]()
27.11.2024 «Қазақстанның мұғалімі» ұлттық сыйлығының ТОП - 10 финалистер есімі анықталды «Teacher`s Summit» конкурсы өз мәресіне жетті. Қазақстанның барлық аймағынан 2200-ден аса мұғалім өтініш қалдырған конкурс нәтижесінде 50 финалист таңдалып, олардың ішінен ТОП-10 үздік мұғалім анықталды. Шара педагогтар, ғалымдар және білім беру саласындағы халықаралық сарапшыларды жинаған айтулы мерекелік жиын ретінде есте қалды.
Сыйлық қоры 20 миллион теңгені құраған конкурстың ресми серіктестері - Freedom Bank және Bilim Land. Стратегиялық серіктесі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Ресми әуе тасымалдаушысы - Air Astana. Конкурс нәтижесінде ТОП-10 финалистердің әрқайсысы 1 миллион көлемінде, ал жеңімпаз 10 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Олар сондай-ақ Global Teacher Prize жаһандық сыйлығына Қазақстан атынан үміткер ретінде ұсынылатын болады.
Конкурс барысында қатысушылар тек жоғары академиялық жетістіктерін ғана көрсетіп қоймай, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері, азаматтық белсенділігі мен маңызды әлеуметтік жобалары арқылы қоғамға пайдалы жұмыстарымен бөлісті.
|