![]()
03.12.2024 «Өз эмоцияңды бақылау: өзін-өзі реттеу мен стресске төтеп беру техникалары» тақырыбындағы психологиялық семинар
2024 жылдың 28 қарашасында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Өз эмоцияңды бақылау: өзін-өзі реттеу мен стресске төтеп беру техникалары» тақырыбында студенттермен психологиялық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - студенттерге эмоцияларды бақылау, стресс жағдайларымен тиімді күресу дағдыларын және психологиялық тұрақтылықты сақтау жолдарын үйрету. Өз эмоцияларын басқару мен стрессті жеңу қабілеті әрбір адамның психологиялық денсаулығымен жалпы өмір сапасының маңызды көрсеткіштері болып табылады. Семинарды «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Гүлмира Бекенқызы және Әлеуметтік ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жанагуль Амантаевна жүргізді. Семинар барысында спикерлер студенттердің бойындағы оқу-танымдық қабілеттері мен сенімділігін арттырып, мінез-құлық эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастырып, стрестен арылу жолдарын көрсетті.
Семинарға Педагогика және психология факультетінен 50-ден астам студенттер қатысты. Семинар барысында қатысушылар эмоционалды тұрақтылықты сақтау мен стресске төтеп беру техникаларын тәжірибелік жаттығулар арқылы үйреніп, өздеріне қажетті психологиялық дағдыларды меңгерді.
Психологиялық қолдау қызметі |