Абай университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған тоғызқұмалақ жарысының жеңімпаздары
2024 жылдың 1 желтоқсанында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан жарыс өтті, оған 120-дан астам спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері аталған жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлері атанды: Эльдар Дакен - 1 орын (алтын медаль), Ақерке Тұрсынәлі - 1 орын (алтын медаль), Ердәулет Жанабилов 3 орын (қола медаль).
Жаттықтырушы - Иралина М. М.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

