қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.12.2024

«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясының аяқталуы

 

2024 жылдың 25 қазаны мен 2 желтоқсанына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, қауымдастырылған профессор Гулбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша ерікті-студенттер онлайн және оффлайн «Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара - Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті тренажерлерді сатып алуға және 42 жастағы Қамшыбек Койчугуловтың Қытай елінде ем алуына (омыртқаның ауыр жабық жарақаты) қаражат жинау үшін әлеуметтік-педагогикалық қолдау және қаржылық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 

Мақсатқа жету үшін университет ұжымы, Педагогика және психология, Математика, физика және информатика, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық, Жаратылыстану және география, Филология және Өнер факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары арасында қайырымдылық жәрмеңкелер өткізілді.

 

2 желтоқсанда акция аясында қайырымдылыққа қаржы жинау жәшігі ашылып, 650.210 мың теңгеге жуық жиналған сумма саналды. Жиналған 245.010 мың теңгеге жуық қаражаттың бір бөлігі Педагогика және психология факультеті деканының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Елмұрат Курмангалидің, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаеваның, оқытушылар Дариға Азимбаеваның, Ғалия Абылбакиеваның, Айжан Ауезованың және «6В01801-Әлеуметтік педагогика», «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ерікті студенттерінің қатысуымен Қамшыбек Койчугуловқа табысталды.

 

Қалған 405.200 мың теңге жуық жиналған қаражатқа - Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті тренажерлер сатып алынады.

 

«Мейірім» еріктілер клубы акцияның барлық қатысушыларына мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуге ұмтылғаны үшін үлкен алғысын білдіреді.

 

«Университет ректоры Болат Тілепке, «Мейірім» клубының ерікті студенттеріне, барлық педагогикалық ұжымға, университеттің студент жастарына және барлық қазақстандықтарға маған көрсеткен әлеуметтік қолдаулары үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздің қолдауыңыз мені шабыттандырады және жарқын болашаққа деген үмітімді арттырады. Бізге қажетті риясыз көмегіңіз үшін көп рахмет. Сіздерге зор денсаулық пен игі істеріңізге табыс тілеймін», - деді Қамшыбек Қойшұғұлов.

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы