
Негізгі бет
Жаңалықтар
05.12.2024 «Білім берудегі жаңа негізгі бағыт-цифрландыру» 2024 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасының №13 мектеп-гимназиядағы филиалында «В012-Химия педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері арасында мұғалім жұмысын жеңілдетуге тиімді цифрлы платформалар мен жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған «Білім берудегі жаңа негізгі бағыт-цифрландыру» тақырыбында сайыс өтті.
Ұйымдастырушылар - доцент Зульфия Өнербаева, аға оқытушы Онласын Куатовқызы. Сайыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен «AI Dolls» командасы, ІІ дәрежелі дипломмен «Инновациялық педагог» командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен «Z Педагог» командасы, сондай-ақ «Креативті педагог» номинациясымен «Квант Галактикасы» командасы, «Жаңашыл педагог» номинациясымен «Атом» командасы марапатталды.
|