Абай университетінің студенттері - тоғызқұмалақтан Азия кубогының жеңімпаздары
2024 жылдың 2-4 желтоқсанында Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан Азия кубогы өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Түркия және Ресей командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ құрама командасының мүшелері - дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері аталған жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.
Эльдар Дакен - 1 орын (алтын медаль), Ердәулет Жанабилов - 3 орын (қола медаль).
Студенттерімізді құттықтаймыз!