қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2024

«Сөз сыры мен сынын саралаған ғалым» - Рабиға Сыздықтың туғанына 100 жыл

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы бірлесіп, «Сөз сыры мен сынын саралаған ғалым» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Рәбиға Сәтіғалиқызы - қазақ көркем сөз өнерінің терең тарихын зерттеуде, тіл мен әдебиеттің алтын көпірін қалыптастыруда аянбай еңбек еткен ұлы тұлға. Оның ғылыми еңбектері - тілге, әдебиетке, тарихқа деген зор сүйіспеншіліктің үлгісі. Бұл дөңгелек үстел - ғалымның ізденіске толы жолын жалғастыруды мақсат еткен барша ғылыми қауымның бірегей бас қосуы.

 

Жиынға Тіл ғылымы зерттеулер орталығының президенті, ҚР ҰҒА Академигі Кәрімбек Құрманәлиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп, ҚР ҰҒА Академигі Мұрат Жұрынов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, ҚР ҰҒА Академигі, Тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді, Рабиға Сәтіғалиқызының шәкірттері филология ғылымдарының докторы, Қалбике Есенова, профессор Айман Қобланова, Бибайша Нұрдаулетовалар қатысып, Рабиға Сыздықтың ғұмырында атқарған еселі еңбектерін дәріптеді.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты - ғалым мұрасын дәріптеу, лингвистикалық ұстанымдары, зерттеулеріндегі тіл ортологиясы, поэтика тілі, ұлттық әдеби тіл, көркем әдебиет стилистикасы, тілдік норма, сөз мәдениеті мәселелерін талқылау. Іс-шарада бас қосқан ғалымдар академик Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулерін кеңінен талқылап, тіл ғылымындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=