қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.12.2024

«3R және 6R тұжырымдамаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, оларды Абай университетінде іске асыру мүмкіндіктері»


2024 жылдың 05 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінде «Аяла» экоклубының белсенділері «Экология және тұрақты даму» пәні аясында тренинг өткізді. Барлығы 130 студент қатысқан тренингте ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, оған студенттер үлкен қызығушылықпен қатысты. Бұл білім алушылардың қалдықтар мәселесіне бей-жай қарамайтындығының дәлелі.


Тренингтің мақсаты - 3R және 6R тұжырымдамаларының мәнін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, сондай-ақ оларды Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында іске асыру мүмкіндіктерін ашу, қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту. Миссия - экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрақты даму идеяларын насихаттау.


Тренингте оындалған тапсырмалар:
- университетте қалдықтарды азайту үшін 3R және 6R тұжырымдамаларын енгізу жолдарын қарастыру;
- екі тұжырымдаманың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, оларды студенттерге жеткізу;
- 3R тұжырымдамасынан кеңейтілген 6R тұжырымдамасына көшудің маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру;
- студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыру.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=