![]()
09.12.2024 Теориялық білімді практика жүзінде ұштастыру
Заманауи маманның теориялық білім негізінде меңгерген кәсіби білік, дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін өндірістік жағдайда шыңдау бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осы мақсатта 2024 жылдың 05 желтоқсанында Астана қаласында білім алып жатқан «6В01515А-География (IP)» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерін География және экология кафедрасының доценті С.Қасенов және магистр, аға оқытушы А.Саванчиева Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі орталығына экскурсия жасатып, орталықтың қызметімен жан-жақты таныстырды.
Экскурсия барысында студенттер Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет орталығында күнделікті ауа райына бақылау жасау әдісімен іс жүзінде танысып, теориялық білімін практика жүзінде бекітуге мүмкіндік алды. Білім алушылар орталық мамандарынан өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұжырымды жауап алып, экскурсия қортындысында өз алғыстарын білдірді.
|