![]()
09.12.2024 Жатақханадағы психологиялық кинотеатр
2024 жылдың 2-6 желтоқсан аралығында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Қорқыныш пен қобалжуды жеңу» тақырыбында жатақхана студенттерімен психологиялық кинотеатр өтті.
Психологиялық кинотеатрдың мақсаты - студенттерге қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, мағынасы бар видеороликтер арқылы студенттердің аралық бақылау алдындағы қорқыныштары мен қобалжуларын жеңуге, ішкі тепе-теңдікті нығайтуға ықпал ету және студенттерді кез-келген жағдайда бір-біріне мейірімділік танытуға шақыру.
Іс-шара барысында мағыналы видеороликтер көрсетілді. Біріншісі қорқыныштың әрекетсіздікке әкелетіні және оны жеңу жолдарын, ал екіншісі мейірімділіктің әлемді жақсартуға, өзіңді бақытты сезінуге, жасаған ісіңнен ләззат алуға әсері туралы көрсетілді. Видеороликті талқылау өзара сенім мен ашықтық атмосферасында өтті.
Студенттер экранда көрсетілген тәжірибелер арқылы өз сезімдерімен бөлісіп, роликтің мағынасын терең түсініп, ой қорытынды жасады. Психолог мамандар қорқыныш пен қобалжудың, негативті ойлармен жұмыс жасаудың нақты техникаларымен бөлісті. Шара соңында студенттер сұрақтарын қойып, кері байланыс берді.
Психологиялық кинотеатрға университетіміздің №1, 2, 3, 8 және 5 жатақханаларынан 100-ден астам студент қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |