қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.12.2024

«Аяла» экоклубының белсенділерінің қалалық «Экоакция» жобасына еріктілер ретінде қатысты

 

2024 жылдың 08 желтоқсанында «Аяла» экоклубының белсенділері қалалық «Экоакция» жобасына еріктілер ретінде қатысты. Акция Алмалы ауданының жастар коммуналдық орталығында өтті. Мақсаты: экологиялық мәдениетті, қалдықтарды саналы түрде тұтыну мен сұрыптауды насихаттауға бағытталды.


Экоакцияға қазақ және орыс бөлімшелерінің 4 курс экологтары қатысты. Олар еріктілер ретінде алдын ала тіркелді, тиісті нұсқамадан өтті және №12 ТДМ іске асыру үшін өз қызметтерін орындады. Акция барысында көзге түскен белсенді студенттерге қоғамдық бірлестік өз алғысын білдірді.


Іс-шара аясында эко жәрмеңке өткізілді. Онда жергілікті кәсіпкерлер экологиялық таза тауарларды ұсынды. Сондай-ақ кітаптар алмасу және басқа да интерактивті іс-шаралар өтті.


Акция барысында «Аяла» экоклубының белсенділері орындаған міндеттер: Қонақтарға қоқысты сұрыптау бойынша нұсқаулық: қатысушыларға пластик, қағаз, шыны және органикалық заттардың әртүрлі таңбаларын қандай контейнерлерге салу керектігін түсіндіру; Сұрыптау жүргізілген алаңда тәртіпті сақтау (киім, аяқ киім, кітаптар, аксессуарлар, ыдыс-аяқ, электроника, дискілер, спорттық жабдықтар және т.б.); Туындаған мәселелерді жедел шешу үшін басқа еріктілермен өзара әрекеттесу.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=