қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.12.2024

Тұрақтылық рейтингі — QS Sustainability 2025


10 желтоқсанда 107 ел мен аумақтан 1743 университет қатысқан кезекті QS Sustainability рейтингісінің нәтижелері жарияланды. Әлемдік рейтингтің шыңында Торонто университеті (Канада), Цюрихтің Швейцариялық жоғары техникалық мектебі және Лунд университеті (Швеция) тұр. Аталмыш рейтингке Қазақстанның 10 қаласынан 17 жоғары оқу орны қатысып, оның ішінде 5 университет рейтингке алғаш рет қосылуда.

 

Қазақстанның жоғары оқу орындары «Басқару моделі» көрсеткішінде озық нәтижелерді көрсетуді жалғастыруда, бұл көрсеткіш тиімді басқарумен байланысты факторларды ескереді, мысалы, этикалық стандарттарды сақтау, қызметкерлерді таңдау және жалдау кезінде озық тәжірибені пайдалану, шешім қабылдау қағидаттарының ашықтығы және т.б.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстанда 6-орында, Азияда 404-орында және әлемдік деңгейде 1201-1250 орындар арасында орналасқан. Бұл рейтингке қатысу арқылы университет тұрақты даму мақсаттарына деген адалдығын көрсетеді және болашақта үш негізгі бағыт бойынша нәтижелерін жақсартуды жоспарлап отыр: қоршаған ортаға әсері, әлеуметтік ықпал және басқару моделі.

 

  alt=  

 

Стратегия департаменті