Тоғызқұмалақтан Алматы қаласы студенттері арасындағы турнир
2024 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласы Сатпаев университетінде жоғары оқу орындары арасында тоғызқұмалақтан жеке есепте жарыс өтті. Жарысқа 100-ден астам студент қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасының студенттері - Жаратылыстану және география факультетінің 3 курс студенті Пернебаев Ерасыл - 1 орын (алтын медаль), Филология факультетінің 1 курс студенті Ганикызы Нұрай - 1 орын (алтын медаль), Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1 курс студенті Исахан Аяна - 2 орын (күміс медаль), Математика физика және информатика факультетінің 3 курс студенті Тілеубек Сырым - 3 орын (қола медаль) иеленді.
Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасының жаттықтырушысы - Иралин М. М.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
