Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің тұрақты университеттері UI GreenMetric 2024 рейтингінде үздік 500-ге енді
2024 жылғы 12 желтоқсанда UI GreenMetric жаһандық тұрақтылық рейтингінің 15-шығарылымы жарияланды, оның қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ өткен жылғы нәтижесін 400 позицияға жақсартып, әлемнің ең үздік 500 университетінің қатарына сенімді түрде еніп, 422 орынға ие болды.
Рейтингте 95 елден 1477 оқу орны ұсынылған, қатысушылардың саны мен кең ауқымды географиялық қамту бұл рейтингтің жоғары оқу орындарының тұрақты даму көрсеткіштерін бағалаудағы маңызды рөлін айқындайды.
Бұл рейтингке қатыса отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ орнықты даму мақсаттарына деген адалдығын, университет экожүйесінің барлық салаларын жетілдіруге және өз елінің тұрақты болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаруға деген ұмтылысын тағы да көрсетті.
Университеттің жаһандық рейтингтердегі серпілісі мен ел деңгейіндегі құрметті «қола» инфрақұрылым, жаһандық климаттың өзгеруі, таза энергия, суды үнемдеу, қалдықтарды басқару, экологиялық таза көлік сияқты бағыттардағы күш-жігерінің және тұрақтылық саласындағы білім мен зерттеулердің мойындалуының айқын дәлелі болып табылады.
«Тәуелсіздік күні қарсаңында университет ұжымын халықаралық деңгейдегі жаңа жетістігімен құттықтауға қуаныштымын. Тұрақты даму жолында тәжірибеге негізделген жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру арқылы университеттің экожүйесі теңдестіріліп қалыптасады», - деп Басқарма төрағасы-Ректор Б.Тілеп атап өтті. Қазіргі кезде тұрақты дамуға қосқан үлес - ертеңгі еркіндік пен гүлденудің негізі.

Стратегия департементі