Университетте сейсмикалық жаттығу өткізілді
 
2018 жылдың 14 ақпаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балыкбаевтың тапсырмасымен  «Жер сілкінісі кезіндегі университеттің басшылық, командалық және профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Жер сілкінісі орын алған жағдайда дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға Филология және көптілді білім беру институтының  студенттері мен оқытушылары қатысып,  жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырылды. Жаттығу барысында студенттерді университеттің аудиторияларынан қауіпсіз орынға эвакуациялау бойынша жаттығулар жүргізілді.
Аталмыш іс-шараға Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, директордың орынбасарлары және профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.
 
     
   
 
     
   
 
      
 
 
Азаматтық қорғаныс штабы