![]()
24.01.2025 Алматы қаласы, Медеу ауданының полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлерімен кездесу өтті
2025 жылдың 29 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен университет студенттері Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге Медеу аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Махимов Нұрбақыт Есеналиевич, полиция лейтенанты Абдикан Алмат Ерболатұлы, Медеу ауданы прокуратурасының прокуроры, 1-сыныпты заңгер Тойшыбайұлы Еркебұлан келді.
Спикерлер мен студенттер жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды талқылады. Әсіресе алаяқтық, жеңіл ақшаға құмарту, теріс жолға түсу, ұрлық және зорлық-зомбылық мәселелері жан-жақты қарастырылды. Студенттер шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім
|