қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.01.2025

«Төтенше жағдайдағы алғашқы көмек көрсету негіздері» атты тренинг өтті


2025 жылдың 22 қаңтарында Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «А сlinic» көпсалалы медициналық орталығы алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбына арналған «Төтенше жағдайдағы алғашқы көмек көрсету негіздері» тренингін өткізді. Тренингтің спикері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Симуляциялық орталығының бас маманы, медицина ғылымдарының магистрі, жалпы тәжірибелік дәрігер - Мейербек Колбаев болды.

Шара барысында спикер медициналық алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрену қаншалықты маңызды екенін атап өтіп: «Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы– алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді», -деді. Сонымен қатар, ол жүрек-өкпе реанимациясына, синкопеге, қан кетуге байланысты алғашқы көмек көрсету жолдарын ауызша ғана емес, манекен арқылы және студенттердің арасынан шыққан еріктілер арқылы мысалға келтіріп, көрсетті.

 

  alt=