қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.01.2025

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Магдебургтегі Отто фон Герике университетінің өкілдері келді


Кездесудің мақсаты ERASMUS+, DAAD және басқа да халықаралық бастамалар бағдарламалары шеңберінде одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылау, сондай-ақ екі оқу орны арасындағы өзара байланысты нығайту. Абай университеті 2019 жылдан бастап Отто фон Герике университетімен әріптестік қатынасты белсенді түрде дамытып келеді. Ынтымақтастық шеңберінде іске асырылатын негізгі жобалардың бірі ERASMUS+ «KazDual - дуальды білім беру жүйесін енгізу» бағдарламасы болып табылады. Осы бастама аясында ғалымдар еуропалық және қазақстандық журналдарда ғылыми мақалаларды бірлесіп әзірлеп, жариялады.

 

Бұл университеттер арасындағы ғылыми өзара іс-қимылдың жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Кездесу барысында бірлескен жұмыстың өзекті бағыттары, соның ішінде ERASMUS + CBHE екі жобасына өтінім беру жайы назарға алынды. Бірінші жоба Қазақстанда докторантура мен кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасын (VETKZ) дамытуға, екіншісі — Қазақстанда бейресми және ақпараттық оқыту үшін құзыреттерді сертификаттауға (COMCERT KZ) қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Отто фон Герике университеті алдағы уақытта өзара байланысты нығайтуға уағдаласты. Тараптар білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ екі елдің кәсіби маман даярлауда сапаға көңіл бөліп, жаңа бастамалармен белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді.

 

 

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=