қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.01.2025

«Harassment clipart» арт-терапия шарасы өтті


2025 жылдың 29 қаңтарында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Harassment clipart» арт-терапия шарасы өтті. Шараның басты мақсаты студенттерді «харассмент» ұғымымен таныстыру, университет қабырғасында харассмент оқиғаларының алдын-алуды студенттерге өнер арқылы жеткізу және студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, эмоционалды дағдыларын дамыту.

 

Іс-шараның кіріспе бөлімінде студенттерге аталмыш тақырып туралы тереңірек түсінік беру мақсатында «Харассмент деген не және одан қалай сақтану керек?» тақырыбында ақпараттық презентация көрсетілді. Презентациямен танысқаннан соң студенттер «харассмент» тақырыбы жайлы өздерінің қабылдауларына қарай шығармашылық пен креативті ойлары арқылы өз көзқарастарын арт-терапия барысында көрсете білді. Әрбір студент сурет салу арқылы өз ойын жинақтап, аталмыш мәселенің маңыздылығы мен шешімдерін табуға талпыныстар жасап, ерекше өнер туындысын шығарды.

 

Шара соңында университетіміздің «Өнер» факультетінің студенттері белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Психологиялық қолдау қызметі



 

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=

 

  alt=   alt=